Биыл Қазақстанда 24 мыңға жуық студентке жатақханада орын жетпеген. Бейінді министрлік өкілінің мәліметінше, былтыр бұл көрсеткіш 69 мыңды құрапты. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 2023 жылғы қыркүйекте ұсынған дерегіне сәйкес, елде 380 жатақхана, 106 203 төсек-орын бар. Сондай-ақ, 182 нысан 24 560 төсек-орнымен жалға алынған. Ал ең үлкен тапшылық Алматыда байқалады. Мұнда қажеттілік 14 мың орынды құрайды. Астанада 5300 жасқа студенттік үй керек болса, Солтүстік Қазақстан облысында 2300 қыз-жігітке жатақханада орын жетпеген.
Гүлден Сембаева