Құқық қорғау органдары

Петропавлдық полицейлер оқушылар мен ардагерлерге алғыс білдірді

Петропавлдық полицейлер «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» атты республикалық акцияны қорытындылады. Шараға сала ардагерлері, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты. Жиында Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов сөз алды. Ол полиция инспекторларының жанқиярлық әрекеттерін жіпке тізіп, белсенді өмірлік ұстанымы және жас мамандарды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін бірқатар ардагерге Алғыс хат табыстады. Мектеп оқушылары республикалық акция аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында сурет салды. Ал қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филилалымен бірлесіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Қыз-жігіттер шаһардағы бірнеше отбасыға барды, азық-түлік себетін табыстады. Осы үшін тәртіп сақшыларының алғысына бөленді.

 

Мәдина Қаби