МТРА жаңалықтары

Жастардың жобаларын қаржылай қолдау

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жеңілдетілген микрокредиттер алуға 7,4 мың өтінім түсті. Биыл жалпы 5 796 несие беру жоспарланған. Қазірдің өзінде 5 496 жоба мақұлданды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мақұлданған жұмыстардың 5 068-і бойынша займ рәсімделіпті. Олардың басым көпшілігі мал, өсімдік шаруашылықтары, қызмет көрсету, сауда және жеңіл өнеркәсіпке қатысты. Ескере кететін жайт, микрокредит 21 мен 35 жас аралығындағы отандастарымызға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге беріледі. Азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең қарастырылған. Оның уақыты қарыз мерзіміне байланысты бекітіледі.

 

Гүлден Сембаева