Kurultai banner mobile

Қоғам

Өрттен зардап шеккен аққайыңдық жігіттің жағдайы ауыр

Өрттен зардап шеккен аққайыңдық жігіттің жағдайы әлі де ауыр. Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 8-і күні түскі 3-тер шамасында Смирново елдімекеніндегі қос қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан 12 жастағы қыз қаза тапты және 22 жастағы ер адам зардап шекті. Денесінің 60 пайызын күйік шалған науқас шұғыл түрде қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бұл отбасы 4 адамнан тұрады. Жарылыс кезінде үйде 2 бала болыпты. Аққайың ауданы әкімінің сөзінше, аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша жаняұға тиісті көмек көрсетілді.

 

Гүлден Сембаева