МТРА жаңалықтары

Қазақстандықтар жаңа бизнес бастамаларды жүзеге асыру үшін 9 мыңнан астам грант алған

Қазақстанда “Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы” аясында 480 мыңнан аса адам жұмысқа тұрды. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң хабарлауынша, азаматтардың жартысынан астамы тұрақты еңбекпен қамтылды. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 132 мыңға жуық адам қамтылды. Оның 98 мыңға жуығы курсты аяқтап, сертификат алды. Сонымен қатар, ұлттық жобада 2023 жылы ел аумағында жаңа бизнес-бастамаларды іске асыруға 1 380 000 теңге көлемінде 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан бері 9 102 қолдау рәсімделіпті.

 

Гүлден Сембаева