Құқық қорғау органдары

Петропавлда ақша бопсалаған жігіт ұсталды

Петропавлда өзінен кішіге жұдырық көрсеткен жігіт ұсталды. Ол 17 жастағы баланы қысымға алып, 10 мың теңге талап еткен. Мұны естіген жәбірленушінің әкесі полиция қызметкерлеріне арыз жазыпты. Көп ұзамай ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері петропавлдықты қаладағы сауда үйлерінің бірінде ақшаны алып, кетіп бара жатқан жерінде ұстады. Тінту кезінде одан ақшадан бөлек, пневматикалық тапанша, оқтар, жиналмалы пышақтың жүзі және өсімдік тектес есірткі заттарын қолдануға арналған полимерлік ыдыс тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.