Денсаулық сақтау

Неонатолог пікірі: балаларды иммундау туралы

Қазақстанда сәби өлім-жітімі өткен жылы мың балаға шаққанда
4,5 промиллені құраған. “Шала туған балаларды иммундауда заманауи тәсілдер мен перспективті стратегиялар”. Петропавлда астаналық медициналық ғылым докторы Күләш Жақсылықованың қатысуымен осы тақырып төңірегінде семинар өтті. Білікті маманның айтуынша сәбилердің дертке шалдығуы мен өлім-жітім жайттарын азайтуда вакциналау ғана емес, анасының денсаулығына да көңіл бөлу маңызды. Қазір Қазақстанда босану алдында жүрген әйелдерді мониторингілеу және қолдауға арналған бағдарламалар іске қосылып жатыр. Бұл қадам ана мен сәби өлімін азайтуға ықпал етпек.

КҮЛӘШ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, «Астана медицина университеті» КЕ АҚ неонатология кафедрасының меңгерушісі:

– Қазақстанда неонаталды өлім-жітімнің 52%-дан астамын жаңа туған нәрестелер құрайды. Көп жағдайда бұл – салмағы 1,5 келіге жетпеген шала туған шақалақтар.