Қоғам

Облыстық еріктілер слеті өтті

“Волонтер жолы”. Бүгін осындай атаумен облыстық кітапханада еріктілер слеті өтті. Волонтерлерге қолдау көрсету мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын жиынға өңірдегі барлық ерікті ұйымдар қатысты. Белсенділігі мен жан-жақтылықтығы арқылы көзге түскендер құрметке бөленді. Абзалхан Тілеген адалдығы мен жанқиярлық көмегі үшін алғыс хатпен марапатталды. Еріктілікпен айналысып жүргеніне 5 жыл болыпты.

АБЗАЛХАН ТІЛЕГЕН, Ақжар ауданы жастар ресурстық орталығының директоры:

– Ақжар ауданы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы адамдармен жұмыс істейміз. Ауданымыз бойынша еріктілердің саны – 1448. Еріктілер тобымен көптеген іс-шаралар өткіземіз. Оның ішінде – аз қамтылған, көпбалалы аналарға. Ақжар ауданы бойынша биыл 55 отбасыға көмектестік.

Ерікті болудың қыр-сырын үйретіп жүрген мамандардың айтуынша мұндай шаралардың берері мол. СҚО бойынша еріктілер фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – волонтерлік топтардың тәжірибе алмасуы және оларды өзара ынтамақтастыққа тарту дейді.

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО бойынша еріктілер фронт-офисінің жетекшісі:

– Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлері денсаулық сақтау, мәдениет, экология сияқты барлық салаларда өз қызметін жүзеге асырады. Психологиялық немесе заң жағынан кеңес беретін түрлі тегін тренингтер ұйымдастырады. Биылғы жылы өзгелеріне қарағанда аса белсенді болдық деп айта аламын. 19-шы жылдары 19 мың жан ерікті болса, биыл саны бірнеше есеге дейін өсті. Қазір облыс бойынша еріктілер саны 50 мыңнан асады. Олар 1800-ден астам іс-шара ұйымдастырды.

Өңір еріктілерінің арасында Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавл бөлімі белсенділерінің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Мұнда 20-дан астам адам волонтерлік қызметпен айналысады.

СЕРГЕЙ НАЧАРОВ, “Ресей темір жолы” ААҚ Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімі филиалының еріктісі:

– Жалпы, волонтерлік қызметтің әлеуметтік тұрғыда ғана емес, ел экономикасына да қосатын үлесі зор. Еріктілер өз аймағының мәселелерін айқын көріп, оларды шешудің тиімді жолын таба алады. Біз – әрекеттің адамдарымыз. Әр адамға тигізген көмегіміз – біз үшін бақыт. Бір орында тоқтамай, алға қарай ұмтылдыратын да осы сезім. Ізімізді жалғайтын жас ұрпақтың саны арта берсін дегім келеді.

Сондай-ақ, іс-шара аясында жас белсенділерге салтанатты түрде волонтерлік сертификаттар табыс етілді. Бүгін солтүстікқазақстандық еріктілер қатарына 14 жас келіп қосылды.

 

Ақжүніс Мұқатай