Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Тайынша ауданының тұрғыны үйінде 20 жыл бойы заңсыз мылтық сақтап келген

Полиция қызметкерлері рейд барысында одан 2-ші калибрлі «ТОЗ-34» мылтығын тәркілеп алды. 49 жастағы ер адамның айтуынша қаруды оған Ресейге көшкен танысы тастап кеткен. Осындай жайт тағы бір ауылда тіркелді. Аңшы үйінде бір емес екі бірдей мылтықты 10 жылдан астам уақыт бойы заңсыз сақтап келген. Ер адамнан «ИЖ-182» мен 16-шы калибрлі «ИЖ-5» маркалы сыңар ауыз қару тәркіленді. Аталған екі жағдайда да ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Қарулар сараптамаға жіберілді. Полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде барлығы – 12 бірлік атыс қаруын тәркілеген.

 

Ақжүніс Мұқатай