Қазақстан жаңалықтары

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қызылша індетіне байланысты “Қазақстанда шектеу шаралары бола ма” деген сауалға жауап берді

Комитет төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова қызылша негізінен балалар арасында ғана тарап жатқандықтан жағдай індет немесе эпидемия деп қаралмайтынын алға тартты.

“Қазақстанда қызылшаның өршуі бар. Ауру негізінен балалар арасында. Қазір шектеу шараларын енгізіп жатырмыз. Мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салып, жағдайды толық бақылауға алдық. Қосымша профилактикалық шаралар да енгізілуде. Сондықтан біздің ойымызша елімізде  індет жүріп жатыр”, – деді ол.

Комитет алдағы уақытта карантиндік шаралардың енгізілмейтінін алға тартты