Балалар

Биыл СҚО-да жасөспірімдердің ақша бопсалауына қатысты үш қылмыстық іс қозғалған

Буллинг және ақша бопсалау. Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен кездесіп, аталған тақырып төңірегінде түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өйткені, биылдың өзінде жасөспірімдердің арасында осындай әрекетке қатысты фактілер тіркеліп отыр.

АЙДЫН БАЙМАТОВ, СҚО ПД ЖПҚБ бастығы:

– Биыл СҚО-да жасөспірімдердің ақша бопсалауына қатысты үш қылмыстық іс қозғалды. Оларға қатысты қылмыстық жазаны сот тағайындайды. ҚР ҚК 194-бабында 13 млн теңге айыппұлдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жиында әлеуметтік желіні пайдалану тәртібі туралы сөз болды. Яғни, бейтаныс пайдаланушылардың “достығын” қабылдауға болмайды. Біреумен
танысар алдында есептік жазбаларын мұқият қарап алған жөн. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері “102” мобильді қосымшасын жүктеп алу қажеттігін айтты.

АЙНАГҮЛ САУЫТБЕКОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:

– Ішкі істер министрлігінің 2023 жылдың 4 тоқсаны мен 2024 жылғы жоспарын орындау мақсатында СҚО ПД басшылығымен студенттер және мектеп оқушыларымен ұдайы түрде кездесулер өтіп тұрады. Осыған орай ата-аналар, балаларыңызды қадағалаңыздар. Оларды жалғыз өздерін такси автокөлігімен жалғыз жібермеңіздер. Өздеріңіз алып жүріңіздер. Балаларыңызбен қоғамдық орындар мен жолда жүру ережелері туралы сөйлесіңіздер.

Полицейлер мұндай кездесуді өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін тұрақты негізде жүргізіп отырмақ.

 

Гүлден Сембаева