Қоғам

Мамлют ауданында іскер әйелдер ұйымының филиалы ашылды

Жергілікті іскер әйелдер Мамлют ауданына ат ізін салды. Мұнда әйелдер күштері альянсы мен іскер әйелдер қауымдастығының филиалы ашылды. Аудандық деңгейдегі ұйымға мүшелік ететін нәзікжандылардың саны әзірге аса көп емес. Дегенмен, алдағы уақытта қатары қалыңдай түсетіні айдан анық. Осы ретте аудандық іскер жандарға
Гүлбақша Мұсабаева бастаған белсенді қыз-келіншектер барынша қолдау танытпақ.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, СҚО бойынша әйелдер күштері альянсы төрағасының міндетін атқарушы:

– Осы ауданның іскер әйелдері және әйелдер күштер альянсы қосылып, осы екі ұйымның өкілдерін тағайындап жатырмыз. Біз осы ауданның әйелдерін қолдаймыз. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында жұмыс істеп жатқан әйелдерге біз ерекше сыйлықтар табыс етеміз.

Жиынға Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко да қатысып жатыр. Айта кетейік, Елена Федоровна облыс тарихында бірінші рет әкім атанып отыр. Осы орайда оған іскер нәзікжандылар құттықтау хат табыс етті.

Қолынан іс келетін, қоғамда белсенді қыз-келіншектер қатарларына
мықты деген нәзікжандыларды жинауда. Аудандық ұйымның төрағалығына жергілікті мәслихаттың төрағасы Жанар Кәрімова ұсынылды.

ЖАНАР КӘРІМОВА, СҚО әйелдері күштері және іскер әйелдер қауымдастығы Мамлют аудандық филиалының төрағасы:

– Маған бүгін зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Өз міндетімді сапалы орындауға тырысамын. Ауданда іскер әйелдер баршылық, солардың басын қосып, елдің дамуына жан-жақты үлес қосуға әзірміз.

Бүгінгі жиынға 30-ға жуық адам қатысты. Облыста барлығы – 500-ден астам қыз-келіншек бизнеспен айналысады.

 

Мәдина Қаби