Экология

М.Жұмабаев ауданында бір топ браконьер ұсталды

Лицензия біреуіне ғана бір жануарға берілгенімен төртеуін атып алған. М.Жұмабаев ауданында браконьерлікпен айналысқан алты адам ұсталды. Оқиға Пулеметовка деген ауылдың маңында болған. Тәртіп сақшылары мылтық дыбысын естіп қалып, орман тұсына тоқтаған кезде алдарынан мылтық ұстаған 6-ау шыққан. 6-ауы бір еліктің соңында жүрген. Біреуінің қорасынан өлі еліктердің денесі табылды. Барлығы – 4 елік пен 5 мылтық тәркіленіп алынған. Бұл факті ҚР ҚК 337-ші бабының 3-ші бөлігі – “Заңсыз аңшылық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Аталған істің мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге, күдікті деп танылған 37 жастағы екі ер адам қамауға алынған. 62 жастағы тағы біреуін қамауға алу туралы мәселе қаралып жатыр. “Браконьер” атты жедел-алдын алу шарасы өңірде күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.