ТКШ

СҚО-да 55 ауыл жарықсыз отыр

Энергетиктер қанша күш салғанымен күрделі мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Бейінді басқарма ұсынған соңғы дерекке сүйенсек, қазір облыстың 7 ауданындағы 55 ауыл жарықсыз отыр. Электр қуаты 3 күн бұрын сөнген елді мекендердің басым бөлігі Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан. Мұнда қыстың қытымыр мінезіне темір бағанның өзі шыдамай, үстіңгі бөлігі құлағанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін журналистер алдына басқарма басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин шығып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН, СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– М.Жұмабаев, Аққайың, Тимирязев, Есіл, Шал ақын, Тайынша және Қызылжар ауданында мәселе өткір тұр. Ең күрделі жағдай алғаш аталған ауданда тіркелді. Біз жағдайды бақылап отырмыз. “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ ертең түскі 3-ке дейін Мағжан Жұмабаевтағы ауылдарға жарық берілетінін мәлімдеді. Бірақ, ол уақытша немесе тұрақты негіздегі электр қуаты болуы мүмкін.

 

Гульден Симбаева