МТРА жаңалықтарыҚоғам

Серік Мұхамедиев: “Шеткі аудандар назардан тыс қалмайды”

Қалада қар тазалау жұмысы күшейтілген режимде жүріп жатыр.
Қалың қарды аршуға соңғы күндері 150-ден астам техника мен 200-ге жуық адам жұмылдырылған. Шамамен 3 мың текше метрден астам ақ ұлпа шығарылыпты. Қардан тазарту жұмыстары бүгін де жалғасуда. Қала әкімі Серік Мұхамедиев әлеуметтік желідегі парақшасында “Шеткі аудандар назардан тыс қалмайды” деп жазды.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ: Петропавл қаласының әкімі:

– Қарды мұқият тазалауды тапсырдым. Әсіресе, аялдамалар мен жаяу жүргінші жолдарына назар аудару қажет. Оларды уақытылы тазаламау жағдайлары кездесіп жатады. Осындай фактілер анықталған жағдайда ikomek 109 қызметіне хабарласуларыңызды сұраймын. Қалада көліктер ағыны үлкен, сондықтан, қар тазалайтын техниканы күндіз шығаратын болсақ, кептеліс жасаймыз. Сондықтан, қардың түнде шағарылатынына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын.

 

Мадина Каби