Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары қан тапсырды

Қан тапсырып, өмірді құтқар! Солтүстікқазақстандық полицейлер игі дәстүрден жаңылмады. Олар біркісідей облыстық қан орталығына келіп, арнайы тексерістен өтіп, қан тапсырды.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

– Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” республикалық акциясы аясында қоғамның назарын жол апаттарының салдарына аудару мақсатында бүгін қан тапсыру орталығында акция жүргізілуде. Аталған акцияға патрульдік полиция батальоны мен жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қатысуда. Бұл акцияға жыл сайын қатысамыз. Қызметкерлердің арасында акциядан тыс қан тапсырушы донорлар да бар.

Облыстық полиция департаменті және қалалық полиция басқармасының қызметкерлері халықпен тығыз байланыста болғандықтан, бұл игі бастаманың маңызын жақсы түсінеді.

ЖАНГЕЛДІ ҚАРЖАУБАЕВ, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

– Біз жол апаттарынан зардап шегетін адамдарды жиі көретіндіктен, қанымыз азаматтарға өте қажет деп есептейміз. Басқа азаматтарды да осы акцияға қатысуға шақырамыз.

Қоса кетейік, орталыққа келген шенділердің арасында игі шараға алғаш рет қатысып жатқандар да бар.

ВЛАДИСЛАВ АЛЕКСЕЕВ,СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы:

– Қанды бірінші рет тапсырып тұрмын. Тиісінше, бұл – мұндай шараға алғаш қатысуым. Мен тапсырған қан мұқтаж адамға көмектеседі деген сенімдемін.

Қан тапсыру – “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” республикалық акциясы аясында өткізілген шаралардың соңғысы болды.