ТКШ

СҚО тұрғындары жарықсыз отыр

Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Есіл, Тимирязев және Шал ақын. Аталған аудандар 18-ші қараша күні жарықсыз қалды. Кейбірінде әлі толығымен жоқ. Бүгін орын алған жайтқа қатысты “Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ әлеуметтік желі арқылы түсініктеме берді. Жазбаға сүйенсек, желілер мен бағаналар қатқан мұз бен желден үзілген, құлаған. Ең түйткілді мәселе Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелді. Мұнда бағанға айтарлықтай зақым келген. Қазір арнайы бригадалар тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

 

Мадина Каби