Ішкі істер министрлігінде аға буын мен жас буынның кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – ардагерлерге құрмет көрсету, бір-бірімен тәжірибе алмасу және полиция қызметіне қатысты мәселелерді талқылау. Ең бастысы – тәлімгерлер кеңесін құру.
ЕРЖАН САДЕНОВ, Ішкі істер министрі:
– Сіздер Тәуелсіздік таңында қылмыспен күресіп, кәсіби шеберліктеріңізбен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік негізін қаладыңыздар. Қазіргі қызметкерлер мен болашақ басшылар үшін жұмысты жетілдіру бойынша кеңестеріңіз маңызды. Мұндай кездесулерді біз дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз.
Іс-шара кезінді қонақтарға елдегі қылмыстық ахуал туралы айтылды. Полицейлердің күнделікті жұмысында қолданылатын цифрлық жүйелер де таныстырылды. Атап айтсақ, бұл – бейнебақылау жүйесі, жаңа бейнежетондар мен дабыл түймелері және т.б. Құқық бұзушыларды анықтауға көмектесетін бағдарламалар да көрсетілді.
ҚАЙЫРБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ, Халық қаһарманы:
– Қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызмет. Қателескен әріптесті демеп, оған көмектесу керек. Ал қаскөйлерді бұл қатардан аластату қажет. Біз сіздерге әрдайым қол ұшын созуға дайынбыз.
Сондай-ақ, шара барысында ішкі істер органдарының еңбек сіңірген ардагерлеріне Ұлттық ұланның әскери және арнайы техникасы таныстырылды.
Гульден Симбаева