Қоғам

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков өңір халқымен кездесті

Облысқа жұмыс сапарымен келген өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков тұрғындармен кездесті. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері де қатысты. Кездесуде көтерілген негізі мәселе – инфрақұрылымның осалдығы. Онсыз бизнесті дамыту, жаңа нысандар салу мүмкін емес. Осы орайда Qyzyljar арнайы экономикалық аймағындағы кәсіпорын өкілдерінің бірі өз мәселесін алға тартты.

Вице-министр қойылған сұраққа былай деп жауап берді.

АЗАМАТ БЕЙІСБЕКОВ, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

– Өткен аптада Парламентте бюджет мәселесі туралы айтқан болатынмын. Келесі жылы қаражаттың басым бөлігі Qyzyljar арнайы экономикалық аймағына бөлінеді. 2024 жылы республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бағытталмақ.

Жуырда Назарбаев пен Жуков көшелерінің қиылысында орналасқан кәріз коллекторының зақымдануы өзге мердігерлердің жұмысының тоқтауына себеп болып тұр. Жүйені жөндеп қана емес, толығымен жаңарту қажет. Себебі, мұндай жайт тағы қайталанса жанындағы кәсіпорындарға орасан зардабын тигізуі мүмкін. Азамат Бейіспековтың айтуынша, министрлік жергілікті әкімдіктерден түскен барлық өтініштерді бюджетті жоспарлау органдарына жолдайды. Инфрақұрылымға қатысты тағы бір мәселе – жылу құбырларының тозуы. Бұл ретте тозу деңгейі 75%-ды құрайды.

АЗАМАТ БЕЙІСБЕКОВ, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

– На текущий год предусмотрено 2, 4 км, 1,8 уже по факту произведены.

Вице-министрмен кездесуде сұрақ санаулы болды. Үкімет өкілі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайтынын айтты.