Kurultai banner mobile

Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

Кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды. Құжат аталған саланы өркендетудің стратегиялық міндеттері мен көрсеткіштерін айқындайды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары білім беру саласындағы инфрақұрылым мен цифрлық архитектураның дамуы, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кампустарының құрылысы туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігінде белсенді ілгерілеп келе жатқаны туралы баяндалды. QS рейтингіне 21 жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингіне 4 университет кіреді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы білім беру деңгейін арттыру, инновацияларды ынталандыру және ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын жақсарту, сондай-ақ студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығын азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.