Қоғам

“Бидайық” бекетінде пилоттық жоба іске қосылды

Уәлиханов ауданындағы “Бидайық” автомобиль өткізу пунктінде қарашаның 1-інен “CarGoRuqsat” электронды кезек жобасын қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жүк көлігінің жүргізушісі оның көмегімен кезекті ақысыз брондауға мүмкіндік алады. Жеңіл автокөліктер мен автобустарға қатысты электронды жүк кезегін алдын ала белгілеу талап етілмейді. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Әсия Елеукина жүйенің тиімділігіне тоқталды.

ӘСИЯ ЕЛЕУКИНА, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

– Бұл шекараға көптеген жүк көліктерінің біржолғы келуін болдырмауға мүмкіндік береді. Кептелістердің болмауын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде ЕАЭО елдерімен шекарада электрондық кезек жүйесін енгізу өткізу пунктерінде мерзімдік жиналуды болдырмауға және шекарадан өту процесін жүйелеуге мүмкіндік береді.

Жүйе іске қосылғалы тексеру орнынан 400-ге жуық көлік өткен. Жүргізуші бекетке белгіленген уақытында келмесе электронды кезек жойылады. Сосын қайтадан тіркеуден өтуге тура келеді. Бронды үшінші тұлғаға беруге тыйым салынған.

 

Гульден Симбаева