Қоғам

Шенеунік мемлекеттік этиканы бұзған

2023 жылдың мамыр айында Петропавл қаласының тұрғыны ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын облыстық аумақтық иснпекциясының басшысы Нұрлан Бүркітәлиннің іс-әрекетіне шағым жасаған. Арызданушы ар-намысы мен абыройына нұқсан келгенін айтып, жаза қолдануды сұраған.

ДАРХАН ЕРМЕКОВ, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы:

– Материалдарға сәйкес Бүркіталиннің әрекеті мемлекеттік этиканы бұзу болып саналады. Ол жалпы үй чатында өрескел әдепсіз жауап берген. Қызметтік тексеру барысында Сатыпалдина мен Бүркітәлиннен түсініктеме алынды. Арызданушы дәлел ретінде ватсаптағы жазбаның скриншот суретін көрсетті.

Нұрлан Бүркітәлин тағылған айыппен келіспейді. Мамыр айында сот шешімін шығарған. Сондықтан, мемлекеттік қызметкердің ойынша, департамент тәртіптік істі қайта қараудан бас тартуы керек еді.

НҰРЛАН БҮРКІТАЛИН, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекция басшысы:

– Менің ойымша, департамент бұл істі негізсіз қараған. Мен еш себепсіз тергелдім. Заңсыз түрде менің үстімнан іс қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңесте Нұрлан Бүркітәлинге қатаң сөгіс беру ұсынылды.

 

Байболат Култанов