Ауыл шаруашылығы

Кәсібін домалатып отырған аққайыңдық азамат

Бұл Зеңгі баба төлдерінің иесі – Аққайың ауданының тұрғыны ВладимирГердт. Мемлекет тарапынан көмек алып, кәсібін домалатып отырған азаматтың бұл салада жалпы 25 жылдық өтілі бар екен. Ширек ғасыр бойы қос бағытта, яғни мал мен егін шаруашылығында тынбай еңбек етіп келе жатыр. Алғашқы 100 бас малға шақталған фермасын 2017 жылы ашыпты.

ВИТАЛИЙ ГЕРДТ, кәсіпкер, Аққайың ауданы:

– Фермамды ашқан сәттегі 100 сиыр өзіміздің қарапайым тұқымнан болды. Кейін малдың саны аздық ететінін түсініп, көрші Ресей елінен симментал тұқымдас малдарды әкеле бастадым. Сосын оған 2019 жылы Украинадан Зеңгі баба төлін әкеліп қосып, санын арттырдым. Өткен жылы «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен 192 бас сименталды тұқымды қара мал алу үшін жеңілдетілген несие алдым. Жобаны алдағы уақытта әлі де кеңейткім келеді.

Бұл жерде 2 нысан бар. Тағы біреуі салынып жатыр. Онда бұзаулар мен буаз сиырлар тұрады. Тауарлы-сүт фермасында барлығы – 650 мал бар, оның 300-і – сауынды сиыр. Сауылған сүтті “Eurasian milk” компаниясына өткізеді. 1 сиырдың өзі күніне 22 литр сүт береді.

ВИТАЛИЙ ГЕРДТ, кәсіпкер, Аққайың ауданы:

– Жұмысшылар кезектесіп жұмыс істейді. Сиырларға күніне 2 мәрте жем-шөп береміз. «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен биыл тағы да 200-ге жуық қара мал алу ойда бар.

Владимир Гердт 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың алатын жалақылары орта есеппен 200 мың теңгеден асады.