Экономика және қаржы

Ұлттық Банк банкноталардың жаңа сериясын таныстырды

Ұлттық Банк банкноталардың жаңа сериясын таныстырды. Ол «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді. Жаңашылдық әлі айналымға шықпады. Жоспар бойынша
номиналы 5 000 теңгелік алғашқы банкноталар ағымдағы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдіріліп отырады. Бұл орайда еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау маңызды саналады.

 

Байболат Култанов