Бүгін төл теңгеге – 30 жыл. Осыдан ширек ғасырдан астам жыл бұрын Президенттің тапсырмасымен Ұлттық банк ұлттық валютаның шаруасымен айналыса бастады. Сөйтіп, 1993 жылы халыққа ұсынылған болатын. Ал қазіргі жай-күйі туралы жергілікті банктердің бірінің директоры Салтанат Қажекова былай дейді.
САЛТАНАТ ҚАЖЕКОВА, банк директоры:
– Бүгінгі таңда теңге екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде басылатын әлемдегі жалғыз валюта. Теңге 18 қорғау дәрежесіне ие және әлемдегі қорғаныш қабілеті жоғары валюталардың бірі болып табылады. Біздің банкноттардың дизайны Қазақстанның мәдениеті мен тарихынан сыр шертеді. Қазіргі таңда азаматтардың теңгеге деген сенімі жоғары. Көбі жинақтарын теңгемен салғанды қалайды.
Тәуелсіз Қазақстанның нышандарының бірі саналатын теңгеміз айналымға енгеннен кейін бұл бағытта бірқатар жетістікке қол жеткіздік. Мәселен, теңге үш жыл қатарынан дизайн жағынан әлемдегі үздік банкнота атанды.