Спорт

“Қуаныш” ВК жас құрамы қола еншіледі

Петропавлда осыдан бір апта бұрын волейболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Дода 14 пен 15 жастағы қыздардың арасында ұйымдастырылды. Оған елдің түкпір-түкпірінен 17 құрама қатысты. Қонақ спортшылар қызу дайындықпен келгенімен жергілікті
“Қуаныш” ВК дес бермеді. Нәтижесінде қуаныштықтар 3-ші орыннан көрінді. Жаттықтырушының сөзінше бұл жақсы нәтиже. Ұжым қола алдық деп тұралап қалмаймыз дейді. Сайыс кезінде волейболшылар 7 кездесу өткізді. 6 командаға есе жібермей, тек біреуінен ғана жеңіліс тапқан.

ОЙРАТ ЕРКЕНОВ, “Қуаныш” ВК жас құрамының жаттықтырушысы:

– Біз өскемендік командадан жеңіліп қалдық. Алдағы уақытта жеңімпаз атануға барынша тырысамыз. Қазіргі таңда қыздар қаладағы спорт мектеп-интернатында шұғылданып жүр. 2 жыл ішінде қыздардың тәжірибелері айтарлықтай жиналып қалды. Бұған дейін чемпионатта 20 құраманың ішінен 5-ші орынға тұрақтайтынбыз. Осы жолы тынбай еңбек еткеніміздің нәтижесінде жақсы көрсеткішке қол жеткіздік.

 

Гульден Симбаева