Қаладағы Жастар сарайында қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты бастау алды. Сайыс жастар мен жасөспірімдер арасындағы командалық чемпионат болып саналады. Еліміздің жер-жерінен 16 команда, барлығы – 250 спортшы келіп отыр. Ойын барысы 7 турдан тұрады. Чемпионат бірінші жыл өтіп жатқан жоқ, дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Ел чемпионаты өткен жылы Қостанайда өтсе, биыл Қызылжар қаласы таңдалып алынған. Мақсат – тоғызқұмалақ ойынын дамыту, жастарды ұлттық спортқа баулу. Дүбірлі додада өңір намысын 18 спортшы қорғап жатыр. Жеңімпаздар кубок және дипломдармен марапатталады.
Мадина Каби