Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы. Бүгін “Өрлеу” орталығында осы тақырып төңірегінде дебат ойындары өтті. Қатысушылар: Ассамблея өкілдері мен университет студенттері. Екі тарап өзара бірлесе отырып 4 команда құрды. Қос-қостан аталған тақырып турасында пікір таластырды.
РҮСТЕМ АРМАНОВ, турнирдің бас төрешісі:
– Турнир британдық формат ережелеріне сәйкес өтеді. Турнир екі лигадан өтеді: қазақ және орыс лигасында. Қазақ лигасында салық төлеушілер мен фестивальдердің қаржыландырылуы ортаға салынса, орыс лигасында үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының медиа саласындағы тиімді жұмысы жайлы талқыланады.
Лейла Берікова, жергілікті университеттің 2-ші курс студенті. Белсенді жас көтеріліп отырған тақырып өзекті дейді.
ЛЕЙЛА БЕРІКОВА, студент:
– Дебатпен бір жылдың көлемінде айналысамын. Осы Ассамблеяның жастарының атынан қатысып тұрмын. Ең маңызды мақсаты – осы Петропавл қаласындағы бірлестіктердің арасын байланыстыру және дебаттың деңгейін көтеру деп ойлаймын.
Екі арадағы байланысты нығайту бағытында біраз ұсыныс айтылды.
Соның бірі – атқарылған жұмысқа жариялылық қажет делінді.
РҮСТЕМ АРМАНОВ, турнирдің бас төрешісі:
– Үкіметтік емес ұйымдардың медиа саласындағы жұмысы жайлы, тиімді механизм қолданылатын болады. Ол – өзекті мәселе. Өйткені, әрбіреуіміз өте көп жұмыс жасаймыз, алайда, бұл жұмыс халыққа көрінбейді не болмаса қоғам оны түсінбейді. Сол себепті, менің ойымша қазіргі таңда Ассамблея болсын, мемлекеттік емес ұйымдар олар өздерін медиа саласындағы жұмысын өзгертуі керек.
Сөз жарысында үздік атанған әр лиганың тобына 50 мың теңгеден беріледі.
Мадина Каби