Құқық қорғау органдары

Өңір бойынша 300-ден астам адам пробация қызметінде тіркеуде тұр

Қазіргі таңда істі болған 300-ден аса теріскей пробация қызметінің есебінде тұр. Түзету мекемесінен уақытынан бұрын шыққандар мен бостандығы сотпен шектелген жандар дәл қазір жұмысқа орналасу үшін арнайы әңгімелесуден өтіп жатыр. Яғни, қоғамға бейімделіп, күн көруге талпынуда.

ОЛЖАС ЕСЕНГЕЛДІ, қалалық пробация қызметінің инспекторы:

– Әрбір сотталған адамның өзінің жеке инспекторы болады. Ол сотталғанның мінез-құлқын қадағалап, қоғамға бейімделуге көмектеседі. Әлеуметтік-құқықтық көмек – оларға медициналық қызмет алу, орта білім беру, дайындық, жұмысқа жәрдемдесу. Пробация қызметінде жұмыс істеудегі басты басымдық пен жетістік – олардың қылмыс жасамауы болып табылады.

Кешкі сағат жетіде үйде отыру, түнгі клубтарға аяқ баспау және ішімдік ішпеу. Бұл шартты түрде сотталып, берілген мерзімін өтеп шыққан жанның мойнындағы жауапкершілік деп айтуға келеді. Қазір істі болған жандардың барлық құжаттары тексеріліп, оларға жұмыс қарастырылуда.

Жалпы, есепте тұрған 315 сотталғанның 230-ының бас бостандығы шектелген болса, 22-сі – шартты жаза, 5-еуі қоғамдық жұмысқа тағайындалса, 60-қа жуығына белгілі бір қызметті атқаруға немесе айналысуға тыйым салынған. Ал бүгінгідей іс-шара жыл басынан бері 3 мәрте өткізіліпті.