Облыстық полиция департаментінің музейіне – 34 жыл. Осыған орай музейге колледж студенттері шақырылып, ерлік сабағы өткізілді.
Абылғазы Ғабдуллин, СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы:
– Музейдің мәдени өмірімізде алатын орны ерекше. Тарихты терең зерттеп, одан қажетті сабақ алу, бұл – қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың, еліміздің лайықты азаматын тәрбиелеудің басты шарты.
Кездесуге қызмет барысында ерлік жасаған мамандар қатысты. Жардан өзенге құлап кеткен қызды құтқарған Нұрлан Қоқабаев, тұтас бір отбасыны өрттен алып шыққан Саят Ақпаров та осында. Ал Руслан Ақматов 2016 жылы көпірден секіргелі тұрған қызды құтқарған. Ол “Ерлігі үшін” медалімен және ТЖМ ІІІ дәрежелі “Құтқарушы” төсбелгісімен марапатталыпты.
Руслан Ақматов, қалалық ПБ ППБ аға инспекторы:
– Бұл – ең алдымен біздің міндетіміз. 30 метрлік аркаға мініп бара жатқанда қорқынышқа бой алдырмадым. Мен қызды құтқару туралы ғана ойладым.
Бейбіт күннің батырларының батырлығынан сыр шертетін жәдігерлер музейде көп.
Мұнда бүгінге дейін 3 мыңнан астам экскурсия өткізіліп, жергілікті құқық қорғау органдарының тарихымен 50 мыңнан астам адам танысқан.
Мадина Каби