Қоғам

Жол жағдайына жауапты 200-ден астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция басқармасының жұмысының басым бағыттарының бірі. Мамандар жолда жүру ережелерінің бұзылуын тіркеп, оның алдын алу бағытында ғана жұмыс істеп қоймай, жолдың жағдайына қатысты сараптама жұмысын жүргізеді.
10 айдың ішінде тәртіп сақшылары бейінді орган өкілдерімен бірлесіп 1700-ге жуық тексеріс жүргізген. Мониторинг барысында
30 мың шақырымға жуық жол қамтылыпты. Нәтижесінде жол қауіпсіздігіне кері әсер ететін 6 мыңға тарта олқылық анықталған. Кем тұсты түзеу бойынша мыңнан астам нұсқама беріліп, жолға жауапты 220 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері теміржол өткелдерін де тексеріп, 140-қа жуық олқылық бойынша 26 лауазымды тұлғаны жауапқа тартқан. Бұл бағыттағы жұмыс бүгінде жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, облыс жолдарында жыл басынан бері 330-ға жуық көлік апаты болып, 39 адам қаза тапты, 460-тан астамы жарақат алды.