Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына 2 айдан аз уақыт қалды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдерінің хабарлауынша, 23-ші қаңтар мен 6-шы қараша аралағында өңірде 10 мың 501 темір тұлпар қазақстандық құжат алған. Оның 227-сі – құрастырылған көлік. 881 жылжымалы мүлік уақытша есепке қойылыпты. Науқан Қазақстан бойынша қызу жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін елімізде 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылған. Еске сала кетейік, республика аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды.
АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары:
– Бірреттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер биыл 31 желтоқсанға дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз.
Байболат Култанов