Құқық қорғау органдары

Петропавлда жалдамалы пәтерден 2 келіден астам гашиш табылды

25 жастағы петропавлдықтың жалдап тұрып жатқан пәтерінен өсімдік тектес зат салынған 100 полимерлік пакет табылды. Сараптама барысында 2 келілік заттың гашиш екені анықталды. Аталған факті ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ер адам қазір қамауда отыр. Айта кетейік, гашиштің салмағы 200 грамнан басталса ол аса ірі мөлшерге жатады.
Облыс полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 730 келіден астам түрлі есірткі тәркілеп алды, оның 700 келіден астамы марихуана мен кептірілмеген қарасора болса, 20 келіден астамы – гашиш пен синтетикалық психобелсенді зат.