Бүгін №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 қызметкері құрметті еңбек демалысына шықты. Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Алексей Леднев пен бөлімше командирі Аманжол Қоспановты әріптестері салтанатты түрде шығарып салды. Екеуі де осы бөлімшеде 20 жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен.
БОЛАТ ЖҰМАЖАНОВ, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы:
– Екеуі де адам қызмет етті. Командир бөлімшесі Аманжол Қоспанов министрдің қолынан «Ерлік үшін» медалімен марапатталған. Брусиловский көшесіндегі бір пәтерден өрт шығып кішкентай қызды құтқарып қалды. Екеуі де жауапкершілі мол қызметкерлер. Жас мамандарды тәрбиеледі.
Құтқарушы – қиын және қауіпті мамандықтардың бірі.
Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып, өзге адамдардың жанын сақтап қалуға барын салады. Солардың бірі – Аманжол Қоспанов.
Азаматқа шара барысында 25 жылдық еңбегі үшін медаль табыс етілді. Білікті маман Отан алдындағы азаматтық борышын өтегеннен кейін өрт сөндіруші болып еңбек етуді жөн көреді. Содан бері міне ширек ғасыр бойы жауапты маман ретінде адал еңбек етіп келді.
АМАНЖОЛ ҚОСПАНОВ, өрт сөндіру саласының ардагері:
– Мен мұнда 20 жасымда кіріп, 48 жасымда шығып жатырмын. Ол кездерде мамандық таңдайтын заман болған жоқ. Ауылдан қалаға келдім. Жұмыс іздедім. Өрт сөндіру бөлімі адам іздеп жатыр дегеннен кейін бардым. Шынымды айтсам, қандай қызмет, не істейтінімді де білмедім. 2/25. Бірінші өртке шығып, тоңып қатқан кезде жұмыстан шығам деген ойлар да болған. Одан кейін бәріне төздік.
Шара соңында дәстүр бойынша зейнеткерлерге әріптестері су шашты.
Гульден Симбаева