Құқық қорғау органдары

Полицейлердің даярлығы

По команде: «Пистолет, оружие!» – сотрудники извлекают оружие кобуры, безопасное положение принимают, положение ожидания. Следующая команда: «Зарядить оружие, приготовиться!»

Полиция қызметкерлері кез-келген жағдайда жылдам әрекет ете білуі тиіс. Сол себепті, тәртіп сақшылары тирде айына екі рет өтетін сабақтарға қатысады. Сабақтардың алдында оларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізіледі.

– После стрельбы палец не должен оставаться на спусковом крючке.

Жаттығу залында да дәл осындай тәртіп. Мұнда полицейлер аптасына екі рет дене шынықтырумен айналысады және күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн меңгереді. Сонымен қатар, тактикалық және арнайы дайындық бойынша да сабақтарға қатысады.

РУСЛАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы:

– Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы ІІМ-нің бұйрығына сәйкес, 2016 жылы құрылған. Бірінші құрамға облыстың жауынгерлік және қызметтік даярлығы мол қызметкерлер кірді. Кейін жұмылдыру даярлығы және арнайы жедел жоспарлар тобы енді. Осылайша, қазіргі уақытта басқармамен облыс департаменті қызметкерлерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби шеберлігін арттыру жөнінде әжептәуір іс-шаралар кешені өткізілуде.

Атыс, саптық, дене шынықтыру және кәсіптік даярлық. Бұл – бүгінгі күннің полицейіне қойылатын талаптардың бір бөлігі. Тәртіп сақшыларының дайындығы облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында болмақ.

 

Гульден Симбаева