Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан мен Жапония көміртегі шығынын бірлесіп өтеу туралы келісімге қол қойды

Жапонияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі Жапония мен Қазақстан есептеу механизмін құру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға (JCM) қол қойғанын мәлім етті. Қос ел арасында инвестиция мен озық технологиялар, инфрақұрылымды пайдалану арқылы Қазақстанның төмен көміртекті дамуына қол жеткізу үшін көміртегі шығынын бірлесіп өтеу туралы келісім жасады.

Келісімге 30 қазанда қол қойылды. Ол екі елді Қазақстандағы көміртексіздендіру технологиялары, өнімдер, жүйелер, қызметтер және инфрақұрылымды инвестициялауды және пайдалануды ынталандыру үшін несиелеудің бірлескен механизмін (JCM) құруға шақырады.