Экология

Қаланың көркі – шыршаларды кесуге не себеп?

Әуезов көшесіндегі әрекет әлеуметтік желіде дүйім жұрттың наразылығын тудырды. Осы демалыс күндері Халыққа қызмет көрсету орталығына қарсы беттегі биік қарағайларды біреулер құлата бастаған. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша 3 ағаш Пушкин атындағы саябаққа отырғызылып, екеуі кесіліп тасталыпты. «Еремеев П. В.» ЖК тапсырысымен айтқарылған іске қатысты тиісті рұқсат берілген көрінеді. Өйткені, кәсіпкердің айтуынша ағаштар көрші ғимараттың кіреберісін жөндеуге кедергі келтіріпті. Қылқанжапырақтарылар жаңа жерге сіңісіп кетпесе жаңағы айтылған кәсіпкер 10 еселенген көлемде айыппұл төлейді. Сондай-ақ, кесілген ағаштың орнына 20-сын егеді.

 

Гульден Симбаева