Құқық қорғау органдары

Биыл СҚО-да 327 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 39 адам қаза тапты

Облыс жолдарында жыл басынан бері 300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 39 адам қаза тауып, 400-ден түрлі дене жарақатын алды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша көп жағдайда көліктер бетпе-бет соқтығысқан және жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайлары жиі кездеседі. Жолдағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары жүйелі түрде рейд өткізіп тұрады. Мәселен, «Мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жасөспірімдерге қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.