Жұмыс сапарын өңір басшысы Келлеровка ауылынан бастады. Елді мекенде биылғы жылдың шілде айында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталған болатын. Бұл ғимараттың ішінде шағын футбол, волейбол, баскетбол және күрес залы ашылады деп жоспарланған. Жоба құны – 335 млн теңге. Бұл кешенді «ALTYN LTD» ЖШС салып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 23 адам жұмыс істейді.
СНХР: СӘКЕН ИДИЯТОВ – «ALTYN LTD» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
«Бұл кешеннің қазіргі таңда төбесін жауып жатырмыз. Бірінші қабаты толық дайын десек те болады, ішкі әрлеу жұмыстарында жүргізіп болдық, енді еденді жабу ғана қалды».
Бұдан кейін аймақ басшысы Ильичевка ауылына барды. Мұнда өңір жетекшісі «Тайынша Май» ЖШС бас директоры Фан Лунфэймен кездесіп, кәсіпорынның тыныс-тіршілігін көрді.
ИНТЕРШУМ: 355 КАДР.
Бұл кәсіпорын жылына 300 мың тонна май өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда серіктестікте 87 адам жұмыс істейді.
СНХР: МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ – облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы
«Тайынша Май зауыты 2017 жылдан бері өз жұмысын бастады. 6 жыл 10 айдың ішінде 80 мың 200 тонна май шығарды 96 мың жымық шығарды. Бұл жерде біздің аудан тұрғындары жұмыс жасайды».
Сонымен қатар, Ғауез Торсанұлы Ильичевка ауылындағы су тарату желісінің құрылысымен танысты. Бұдан кейін, өңір басшысы Аймақ ауылындағы «MEMOLUX» ЖШС барды. Бұл серіктестік астықты кептіру және оны жөнелтумен айналысады. Кәсіпорын 25 мың тонна астықты қоймада сақтай алады. Қазіргі таңда инвестициялық жоба бойынша серіктестік құрама жем зауытының , диірмен кешенінің және астық қоймасының құрылысын бастады. Жобаның жалпы құны – 6,8 млрд теңге.
СНХР: МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ – облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы
«MEMOLUX» бұл 2017 жылдан істеп жатыр. Бұл кәсіпорын астық дақылдарын қабылдайды және оны сатады. Осы облыстағы шаруашылықтар бұл жерге өз астықтарын өткізеді. Қазіргі таңда 50-ден астам жұмысшы істеп отыр».
Өңір басшысы жұмыс сапарының соңында Тайынша қаласындағы орталық қазандықтың жылыту маусымына дайындығын көрді. Айта кетейік, бұл қазандық 2006 жылы салынған.