Қазақстан жаңалықтары

Қоғамдық бақылау мәселелері бойынша 10 заңға өзгерістер енгізілді

Қоғамдық бақылау туралы заң отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі новеллаларын түсіндіру барысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров хабарлады. Ол заң елімізде қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталғанын жеткізді.

Халықаралық сарапшылармен, 50- ден аса жұмыс топтарының отырыстары өтті. Халықаралық тәжірибе талқыланды. Қоғамдық бақылау және әкімшілік рәсімдер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 3 кодексіне және 10 Заңына өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта аталған заңдарды іске асыруға бағытталған 16 нормативтік құқықтық актілер даярланып, құзіретті мемлекеттік органдармен келісу өтіп жатыр.