Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Республикасындағы инфляция туралы

Өткен жылғы қазанмен салыстырғанда бағаның өсуі қырыққабатқа 69,1%, жүзімге – 46,7%, күрішке – 40,3%, апельсинге – 28,1%, сәбізге – 22,4%, консервіленген сүтке – 22%, минералды суға – 21,1%, газдалмаған сусындарға – 21%, пастерленген сүтке – 17,2%, майлылығы 2,5% айранға – 16,3%, қаймаққа – 15,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 14,6%. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 20,1%, күнбағыс майына – 16,2%, құмшекерге 16% байқалды. Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 16,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 15,2%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 13,9%, ыдысқа – 13,7%, киім және аяқ киімге – 12%, құрылыс материалдарына 8,4% өсті. Дизель отыны – 35,1%, бензин – 13,6%, сұйытылған газ баллондағы 12,8% қымбаттады.

Баға санаторийлер қызметтеріне – 15,7%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,3%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 14,2%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 13,9%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 11,3%, білім беру қызметтеріне 10,1% жоғарылады. Жолаушылар темір және әуе жол көліктерінің қызметтері 7,9%-дан қымбаттады.

Тарифтер қоқыс шығаруға – 32%, су бұруға – 27,6%, ыстық суға – 16,9%, суық суға – 16,4%, электр энергиясына – 12,3%, орталықтан жылытуға – 10,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 9% өсті.