Мәдениет

Қазақ театрында – премьера

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында – премьера. Осы жолы грузин жазушысы Нодар Думбадзенің “Кукарача” қойылымы сахналанды. Шығармада оқиға желісі Грузияда Гульрибши ауылында өрбісе, жергілікті театр сахнасында ол қазақшаланып қойылды. Спектакль Қазақстандағы Ақсу қалашығында тұратын тәртіп сақшысы Дүйсен Мыңжасаров туралы. Оның да лақап аты – Кукарача. Басты кейіпкер қылмыспен қана күресіп қоймай, бұзық жасөспірімдерді тәрбиелейді.

ЖАМИЛЬ ҚАЙРАТҰЛЫ, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының театртанушысы:

– Актерлер өте көп таңдалды. 11 кейіпкер рөлді сомдап шықты, ал ең басында 6 болатын. Процесс өте қиын болды. Қиындықтарға қарамай алып шықтық. Біз грузин оқиғасын қазақтың қоғамына ауыстырдық. Адамдарды ауыстыру бізге қиынға соқты.

Кукарача Инга деген қызға ғашық болып қалады. Бірақ, ауылдастары бойжеткенді жезөкше дейді. Басты кейіпкер қаңқу сөзге мән бермейді. Сөйтіп, қос ғашық бақытты болып жүрген кезінде Инганың бұрынғы күйеуі Муртало Кукарачаны қыздың көзінше атып өлтіреді.

Қойылым соңында көрермен актерлерге орындарынан тұрып қошемет көрсетті. Кукарачаның рөлін сомдаған – Эланар Кежебеков. Актердің айтуынша, осы рөлді сомдау үшін біраз тер төккен.

ЭЛАНАР КЕНЖЕБЕКОВ, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актері:

– Рөлімді сомдау өзіме қиын болды. Грузиннің шығармасы болғаннан кейін қазақшаға аудару қиынға соқтырды. Рөлге 1 жарым айдай уақыт кетті. Бұл – менің 3-ші басты рөлім. Бұл рөлім алдыңғы рөлге қарағанда қиындау болды.

Қойылым өнерсүйер қауымның көңілінен шықты.

– Өте жақсы болды. Адамның көңілінен шықты. Осындай қойылым бола берсін.
– Спекталь өте жоғары дәрежеде өтті. Актерлеріміз керемет болып ойнап шықты.

 

Гульден Симбаева