Қоғам

Біржан Құдайбергенов: Жастар арасында ойынқұмарлық артып барады

Лудомания – ойынқұмарлық. Қазір қоғамда, әсіресе, жастар арасында ойынға тәуелділік артып барады. Оңай жолмен ақша табамын деп букмекерлік кеңседе бірдеңеге бәс тігетіндер көп.
Ұтылса, оңбай опық жейді. Кейін ұтса да, ұтылса да – бұл әрекеті әдетке айналып, бойын құмарлық билейді. Бүгін “Amanat” партиясының облыстық филиалында ZOOM байланысы арқылы өткен жиында осы мәселе талқыланды.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Мұндағы қарсатырылатын мәселе – өте өзекті жастар арасындағы лудомания мәселесі. Түрлі ойындарға, ставка қойып жатқан балалар өте көп. Осы мәселені көтере отырып, білім басқармасы мектептерде қандай жұмыс атқарылып жатыр. Осыны кеңес аясында тыңдайтын боламыз.

Ойынқұмарлықтың алдын алу – күрделі жұмыс. Осы орайда
Біржан Құдайбергенов жастардың құмар ойынға деген қызығушылығын жою үшін жарнама дегенді тыю қажет дейді.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Қазіргі таңда қаламызда ойын-сауықтың жарнамалары көп. Осы жарнамаларға біздің жастарымыз көп еліктейді. Осы мәселені шешу бойынша кеңес отырысы өткеннен кейін жергілкті органдар мен әкімшілікке тиісті ұсыныстарды жіберетін боламыз. Кеңес мүшелерінің айтуынша, жарнамаларды азайту керек.

Біржан Құдайбергенов мектеп оқушылары сабақтан кейін компьютерлік клубтарға барады. Сол нысандарда рейд жүргізу қажет дейді.

 

Гульден Симбаева