Қоғам

6637 әскери бөліміне – 61 жыл

Облыс орталығындағы Ұлттық ұланның 6637 әскери бөліміне 61 жыл толды. Осыған орай Жастар сарайында мерейтойлық жиын өтті.

Мақсат МҰҚАЕВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– 6637 әскери бөлімі СҚО-дағы әскери бөлімдер арасындағы ең көнесі. 6637 әскери бөлімі СҚО және Петропавл қаласындағы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді, сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету бойынша қызмет атқарады. Біз азаматтардың тыныштығын сақтау бойынша міндеттерді атқарып жатырмыз.

Салтанатты шара барысында қызметіне адал азаматтар мен сала ардагерлері министр атынан марапатталды.

Жандос АБЖАПБАРОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі:

– Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылынан Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөліміне қызмет етуге келдім. Алла амандығын берсе бір жыл болады. 6637 әскери бөлімінде қызметті қырағы атқарғаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым.

Бүгін Жастар сарайының сахнасынан ауа райына да, тәулік уақытына да қарамай ел мен халық алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып жүрген азаматтарға алғыс пен мадақ сөздері көп айтылды.