Қоғам

Волонтер оқытушы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Айгүл Айтымова – қоғам белсендісі. Педагог оқу орнында «QAMQOR_TEAM» атты еріктілер қозғалысын құрған. Ұйымға 40-қа жуық адам мүшелік етеді. Оның қатарында студенттерден бөлек, университетті бітіріп, жұмыс істеп жүрген түлектер де бар. Еріктілер аманаттықтармен бірге аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасыларға көмектеседі. Сондай-ақ, мектеп оқушыларын қайырымдылық жасауға баулып жүр. Волонтерлер қозғалысының жетекшісі Айгүл Айтымова 2021 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Ал қозғалыс мүшелері Алтын Шаяхметова мен Жәмила Тұяқбаева “Жыл еріктілері” атанды.