Бүгін облыс орталығында іскер әйелдер қауымдастығы мен Әйелдер күштері альянсы мүшелерінің қатысуымен семинар өтті. Бас қосудың негізгі мақсаты – қос ұйымның бірлескен жұмысын жандандыру.
ВИЛЬДАНА БАГАДАТ, СҚО іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі:
– Қауымдастық пен Альянс кезінде бір жерден шыққан. Кейін екеуі екі жаққа бөлініп кетті. Енді осы отырыстардың мақсаты – екеуін біріктіріп, жаңа жобалармен қосылу.
Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетіктері баршылық.
Іскер әйелдердің жиі бас қосып, тәжірибе алмасуларына да жағдай жасалған. Осы ретте жуырда Алматы қаласында әйелдер арасында V Евразиялық саммит өтті. Оған өңірімізден 15-ке жуық қыз-келіншек қатысты. Ал жиынның өзі жалпы 500-ге жуық іскер әйелдің басын біріктірді. Арасында шетелдік қонақтар да бар.
Облыстық әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Гүлбақша Мұсабаеваның айтуынша, қазір әйелдердің саяси көшбасшылығын арттыру мәселесі өзекті.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, СҚО әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары:
– Әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту үшін мектеп дайындап жатырмыз. Біздің ең басты мақсатымыз – мемлекеттік деңгейдегі саяси шешімдерге қатысып, әкімшілік міндеттерді атқаратын әйелдерді дайындау. Қазіргі уақытта әйел – саясаткер де, кәсіпкер де. Солардың біз құқықтарын, заңды мүдделерін, қоғамдық жұмыстарға көмектесіп жатырмыз.
Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді.
Гүлбақша Мұсабаева сан салада жұмыс істеп жүрген қыз-келіншектер қоғамның да, мемлекеттің де ат дамуына ат салысады дейді.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, СҚО әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары:
– Әйел адам өзінің ішкі сезімін бөлмеу қажет. Егер әйел адам үйде отырғысы келсе отыра берсін. Тек қандай әйел адам дамиды? Егер ол өзінің еңбегін қоғам және мемлекетке жасаса, сонда ғана ол өседі.
Алдағы уақытта қос ұйым үйілдері қатарларын арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ, саясаттағы, қоғамдық жұмыспен және кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдерге арнап тренинг өткізуді жоспарлап отыр.
Гульден Симбаева