Мәдениет

Облыстық қуыршақ театрының жұмыс қорытындысы

Жуырда облыстық қуыршақ театрының ұжымы 3 бірдей фестивальге қатысып, көптің көңілінен шықты. Қазан айында Шымкентте өткен І халықаралық фестивальде 20 театр ұжымы өнер көрсеткен. Соның ішінде 6-ауы – қазақстандық мәдениет ошақтары. Өнер додасында облыстық қуыршақ театрының актері Сапар Мәпенов “Үздік актер” номинациясын жеңіп алған.

АЙБОЛ ҚАСЫМ, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:

– Қазанның 20-сы мен 24-сі аралығында Алматы қаласында бірінші халықаралық “Almaty pupper festival” өтті. Ол жерде 14 театр өнер көрсетті. Онда “Қоңыз, өрмекші және көбелек” қойылымын апардық. Ол жерден лауреат болып қайттық. Жалпы, фестивальдің басты мақсаты – театрдың тыныс-тіршілігін өзгелермен бөлісу.

Жергілікті ұжым 20 қуыршақ театрымен меморандумға отырыпты. Оның ішінде 8-і қазақстандық театрлар болса, қалғаны өзге – елдің мәдениет ошақтары.

АЙБОЛ ҚАСЫМ, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:

– Меморандумның жалпы басты мақсаты – бір-бірімізбен келіссөз жүргізу. Біз – оларға, олар бізге – өнерлерін көрсету. Перу, Болгария, Өзбекстан, Қырғызсатан т.б. елдермен келісімге отырдық.

Жалпы, облыстық қуыршақ театрында 13 актер жұмыс істейді. Кадр мәселесі де өзекті. Қазіргі таңда театрда 4 бос орын бар.

АЙБОЛ ҚАСЫМ, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:

– Алматы қаласында фестивальде болған кезде Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада цирк колледжіне барып шықтық. Біздің басты мақсат – жас мамандармен келіссөз жүргізу. Олардың дипломдық қойылымдарының дайындықтарын көрдік. Бірнеше баланы өзіміздің театрға тарту.

Жуырда шымкенттік қуыршақ театры өңірге келіп, кішкентай бүлдіршіндерге қойылым көрсетпек.

 

Гульден Симбаева