Спорт

“Қуаныш” ВК ел кубогын жеңіп алды

Ұмытылмас тарихи сәт! Жергілікті «Қуаныш» ВК әйелдер командалары арасында өткен ел кубогында жеңіске жетті. Дода Талдықорған қаласында қазанның 23-інен 31-іне дейінгі аралықта ұйымдастырылды. Спортшыларды жанкүйерлері құшақ жая қарсы алды.

Ел кубогы үшін 8 команда бақ таластырды. Клуб құрылғалы
командамен бірге жеңісті де, жеңілісті де қатар көріп келе жатқан Сәбира Бекішова құраманың ойын өрнегі жылдан-жылға жақсарып келеді дейді. Қыздардың айтуынша, ең мықты қарсылас – жетісулықтар болыпты. Себебі, шапшаңдықтарымен көзге түскен.

СӘБИРА БЕКІШОВА, “Қуаныш” ВК мүшесі:

– Ел кубогін тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде жеңіп алдық. Ойын барысында «Тұран» және «Жетісу» құрамаларымен кездесу өткіздік. Ал финалда Алматының қыздарымен шықтық. Осы 3 құраманың ішінде бізге жетісулық волейболшылар мықты қарсылық көрсетті. Дегенмен, біз де болмадық, өз күшімізге сеніп, жеңіп шықтық.

Бұл жарысқа қыздар шілде айынан бастап дайындалған.

ҚУАНЫШБЕК СӘДУАҚАСОВ, “Қуаныш” ВК менеджері:

– Бұл – біздің алғашқы жеңісіміз. 14 жыл бойы осы кубокты алуды мақсат еттік. Финал өте тартысты өтті. Ойынымызды төменгі лигадан бастап осындай жеңіске жетіп отырмыз. Волейбол өте жақсы дамып жатыр. Мысалға айтсақ, біздің клубта бірнеше бала бар. Олар да өзге өңірлдерге барып жүлдемен оралуда.

Спортшылар қарашаның 20-сында өтетін ел чемпионатына да қатысады.

 

Гульден Симбаева