Қоғам

Қазақстанда шамадан тыс мөлшерде несие алуға тыйым салынуы мүмкін

Елде шамадан тыс мөлшерде несие алуға тыйым салынуы мүмкін. Қазіргі таңда кредит мәселесі бойынша заңнама пысықталып, жақында Парламент қарауына жіберілмек. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Премьер-Министрдің сөзінше, аталған шаралар азаматтардың шамадан тыс қарыз алуын шектеуге және тұтыну кредиттерін беруде тәуекелдерді азайтуға септігін тигізеді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

– Шамадан тыс кредит алу проблемаларын түбегейлі шешу үшін банктерде және кредит алушылардың санаттарына қарай шектеулер енгізу қажет. Микроқаржылық ұйымдардың, әсіресе «жалақыға дейін» қарыз беретін ұйымдардың шекті кредиттеу мөлшерлемелерін, сомалары мен мерзімдерін қайта қарау қажет. Ұсынылып отырған барлық заңнамалық түзетулер пысықталып, жыл соңына дейін Парламентке енгізілуі тиіс.

 

Гульден Симбаева