Денсаулық сақтау

Өңірге денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник келді

Өңірге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник келді. Ол облыста 2 күн болмақ. Атқамінер ең алдымен Оқушылар сарайына барып, азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдауға бірнеше жерлесіміз жазылыпты. Соның бірі – Сымбат Есқожина. Қала тұрғынын 3 жастағы Әли есімді науқас баласына тиісті дәрінің дер кезінде берілмеуі алаңдатады.

СЫМБАТ ЕСҚОЖИНА, қала тұрғыны:

– Қан ұйымайды. Бүгін балам қолын кесіп алды. Ауруханада әзер тоқтаттық. Жақында таппаған соң таныс анадан қарызға сұрап алдық.

 

Байболат Култанов